«АССАМБЛЕЯ КҮНДЕРІ» ESIL UNIVERSITY ӨТТІ

Бүгін «Ассамблея күндері» аясында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Республика күні қарсаңында ұйымдастырған Esil University университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесу өтті.
Бағдарлама басталар алдында студенттерге арналған кітап көрмесі ұсынылды, онда қала Ассамблеясының қызметімен таныса алады.
Іс-шараны ашқан университеттің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Айжан Тұяқова қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, бірлік, этносаралық келісім Тәуелсіз Қазақстанның іргелі негізі болып табылатынын, сондай-ақ бірлескен жастар жобаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында елордалық ҚХА өкілі Астана қаласының ҚХА қызметі, оның құрылымы туралы айтып, елордалық Достық үйі өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықтың ресурстық, әдістемелік орталығы болып табылатынын атап өтті.
Астана қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрайымы Юлия Лагуткина қолданыстағы жобалар туралы айтып, ҚХА жастарының қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды. Жастарға арнаған сөзінде ол жастар бастамаларын қолдауға және елорданың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды.
Іс-шара соңында Астана ҚХА шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

You may also like...