ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА ЖАСТАРЫ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау бойынша Астана қаласының «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің отырысы өтті.

Шараға елордалық жастар қанатының мүшелері, ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.

Отырыс барысында Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланып, жастар алдында тұрған міндеттер айқындалды.

ҚХА кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев:

– 2022 жылғы маусымда республикалық референдумда көтерілген мәселелер мен биылғы Жолдау Мемлекет басшысының бастамаларының жалғасы болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар көшбасшыларына өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірудің және қоғамдық-саяси үдерістерге тартылатындықтарын көрсетудің маңызы зор. Елдегі ағымдағы оқиғаларға байланысты жастар көшбасшылары әлеуметтік желілерде болып жатқан өзгерістерге, оның ішінде сыни ойлауға және жастар тілінде Қазақстан халқы Ассамблеясы насихаттайтын бірлік пен келісімнің негізгі қағидаттарын жеткізуге жан – жақты және дұрыс әрекет етуі қажет, – деп атап өтті ол.

Астана қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасы Анастасия Тимощенко.

– Біздің елімізде өзара түсіністік пен толеранттылықтың орнауының арқасында біз оң жетістіктерге жетудеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының елімізде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болуы өте маңызды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған реформалар біздің өмірімізге белсенді түрде енгізілуі тиіс. Біздің жастар белсенді, барлық қалалық және республикалық іс-шараларға, еріктілер қозғалысына, қайырымдылықты дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге қатысады, – деп атап өтті ол.

Ұрпақтар сабақтастығы мен құрамын жаңарту мақсатында Астана қаласының «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Анастасия Тимощенконың қайта сайлануы өтті. Бұл лауазымға «Оберег» украиндар қоғамының жастар қанатының төрағасы Юлия Лагуткина сайланды.

You may also like...