Біздің міндетіміз – отандастарымызға көмектесу!

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанайға гуманитарлық көмек жібереді.

5 қыркүйектен бастап қажетті заттарды қабылдау басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты Астана қаласының Достық үйі (Б.Момышұлы 24/9) өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау штабын ашты. Гуманитарлық көмек тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, қираған үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады.

“Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының тұрғындарына көмектесуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз, жерлестерімізді шетте қалмауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырамыз. Біз әрқашан ортақ игі іске өз үлесімізді қосуға дайынбыз!”

You may also like...