Қалалық достық үйінде халықаралық әйелдер күніне арналған қайрымдылық шарасы өтті


Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы шығармашылық ізденіс пен өмірлік қуатынан айырылмаған зағип әйелдерге мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

Бұл мерекелік іс-шараның мақсаты – өмір бойына көз жанарынан айырылған және тағдырдың жазуымен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен бірге болу.

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қалалық бөлімшесінің төрағасы Ерғали Бұхаров: «Біздің бірлестігімізге жетпіс жылдан астама уақыт болды. Бүгінде оған әр түрлі жастағы 500-ден астам адам кіреді. Біздің қатысушылар түрлі іс-шараларға белсенділік танытып, қатысып тұрады. Бүгін, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сіздерге құттықтауларыңыз бен назарларыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді».

«Қарапайым адамның рухани құндылығының ашық болуы, қоғам арасында адамдардың мейірімділіне әсер ететіні өте маңызды қасиет. Өмірдегі әр түрлі қиыншылықтарға қарамастан, жандарыңыз әрдайым жарқырап жүрсін. Біз Сіздермен әрдайым біргеміз және қолдаймыз. Шуақты көктем мерекесі Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, амандықтарыңызды тілеймін», – деп «Ахыска» Түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев зағыип жандарға сый-құрмет көрсетті.

Мүмкіндігі шектеулі зағип жандардың қатарында мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында күш-қуат тауып, табыстарға қол жеткізген әйелдер де бар.

Астана қаласының Қазақ зағиптар қоғамы құрған музыкалық ұжым өз шеберлігін көрсетіп, қонақтарды жақсы өнерімен қуантты.

You may also like...