«Мәміле» пікірталас қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті


Астана қаласының Достық үйінде «Мәміле» пікірталас ауызекі қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті.

Елордалық этномәдени орталықтардың, этнолингвистикалық мектептердің өкілдері қатысқан клубтың бүгінгі ашық сабағын Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ директоры Мейрам Сапарғалиев жүргізді.

Бұл жолы клуб отырысының тақырыбы қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы болды.

Модератор қызықты және мазмұнды ақпаратпен бөлісе отырып, тақырып аясында қатысушылармен пікір алмасып, сонымен қатар жаңа сөздер игерді.

Айта кетейік, жыл сайын қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны артып келеді. 2019 жылдан бастап Достық үйінің базасында қазақ тілін жетілдіргісі келетіндер үшін арнайы ашылған «Мәміле» пікір алмасу клубы өте салмақты, оның тақырыбының ауқымы да кеңеюде. Бүгінде клубта 50-ден астам қатысушы бар.

You may also like...