«БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ XXIII ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ДОСТЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

«Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қалалық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты XXIII Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті.

Қазақстан халқы достығының фестивалі дәстүрлі мерекеге айналған елорда тұрғындары үшін бірлік пен келісімнің, амандық пен жақсы көңіл-күйдің айқын символына айналды.

Шараның негізгі мақсаты қатысушылардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, этносаралық қатынастарды, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін нығайту. Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

Іс-шараға елордалық Ассамблеяның этномәдени орталықтарының 19 шығармашылық ұжымы қатысты.

Фестиваль кең танымдық заманауи патриоттық тақырыпта өтті.

Шара соңында этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарына фестивальға қатысқан шығармашылық ұжым алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

You may also like...