АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИКТАНТ
Бүгін Достық үйінде көрнекті қоғам қайраткері, түрколог, ғалым – лингвист, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» атты жалпықазақстандық диктант өтті. Оған этномәдени бірлестіктер, студент жастар, «Мәміле» ауызекі қазақ тілі клубының мүшелері, этнолингвистикалық мектептердің директорлары, зейнеткерлер, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер қатысты. Сонымен қатар,…
ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА: «ҚОСТАНАЙ, БІЗ БІРГЕМІЗ!»
Бүгін «Қостанай, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының тұрғындарына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты көптеген отбасылар қайғылы жағдайға тап болды. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық акциясына бастамашы болды, оған елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, сондай-ақ…
БІЗ – БІРГЕМІЗ, БІЗ – БІР ОТБАСЫМЫЗ!
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Қайырымдылық акциясы таңертең ерте басталды. Елордалық этномәдени орталықтар, бизнесмендер, меценаттар және ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы көмек шақыруға жедел үн қосты. Достық үйінде жедел штаб ашылды. – Бүгін Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты, қалалық Ассамблеясының мүшелері азық-түлік, төсек-орын жабдықтары…
Біздің міндетіміз – отандастарымызға көмектесу!
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанайға гуманитарлық көмек жібереді. 5 қыркүйектен бастап қажетті заттарды қабылдау басталады. Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты Астана қаласының Достық үйі (Б.Момышұлы 24/9) өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау штабын ашты. Гуманитарлық көмек тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, қираған үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады….
ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАЛАР «САРЖАЙЛАУ» ЭТНОАУЫЛЫНА БАРДЫ
Бүгін Астана қаласының «Саржайлау» этноауылында балалар жылы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аясында елорданың ҚХА Аналар кеңесі «SOS Балалар ауылына» балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар «Саржайлау» этноауылына саяхат жасап, онда қазақ халқының бай тарихымен, өнерімен және дәстүрлерімен танысып, ата-бабаларымыз өркениетінің этномәдени ортасына көз сүзіп, ауыл тұрмысын тамашалады….
ЕЛОРДАДА «ЙЫЙЫН-2022» БАШҚҰРТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласындағы «Астаналық» циркінің алдындағы алаңда ҚР Конституция күнінен орай «Акбузат» башқұрт этномәдени бірлестігінің «Йыйын-2022» дәстүрлі мерекесі өтті. Мерекенің негізгі мақсаты – Қазақстанда тұратын халықтардың бірлігі мен достығын нығайту, башқұрт халқының мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту. «Йыйын» – башқұрт халқының ежелгі дәстүрлі мерекесі. Дәстүр бойынша бұл мереке қазақ жерінде…