Жаңалықтар

Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің осы жылғы қорытынды отырысы өтті

Жиын барысында еліміздегі бірлік пен келісімді нығайту, азаматтық және отбасылық құндылықтарды дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, жастармен жұмыс жасау, кеңестің қызметін насихаттау және өзге де мәселелерді шешудегі Аналар кеңестерінің рөлі талқыланды. Сондай-ақ БАҚ арқылы аталмыш құрылымның қызметімен таныстыру және этносаралық коммуникация алаңдарының ауқымын кеңейту мақсатында подкасттар сериясы іске қосылатындығы туралы хабарланды….

Қалалық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті

Елордалық ҚХА Журналистер клубының төрайымы Аделия Тухбатова клубтың ағымдағы жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап берді. Клуб мүшелері өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында жыл бойы этножурналистика, қаржы және құқықтық журналистика бағыттары бойынша оқу курстарынан өтті. Сонымен қатар клуб мүшесі, елордалық «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Екатерина Тыщенко Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы…

Елордалық Ассамблея «Текемет киіз басу» шеберлік сағатын өткізді

3 желтоқсанда  алалық Достық үйінде «Текемет киіз басу» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаты барысында қатысушылар халқымыздың ертеден келе жатқан қол өнері киіз басу, соның ішінде текемет жасау әдістерімен таныса алды. Сондай-ақ, қонақтар өз бизнесін нөлден бастап дамытуға гранттар туралы ақпарат алып, дастархан басында бас қосып, жан-жақты пікір алмасты. Іс-шараға Еуразия…

(RUS) В столичном доме дружбы прошел очередной урок казахского языка клуба «Мәмiле»

Бүгін қалалық Достық үйінде елорданың этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сабақтың тақырыбы «Ауызша сөйлеу мәнері» болды. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздерді меңгерді. Астана қаласы әкімдігі тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият орталығы» ММ оқытушысы Сағым Естемісова клубтың ұлт өкілдері мен әртүрлі…

Бүгін әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды және жауапты күн! Таңертеңнен бастап елордалықтар Жаңа Қазақстан үшін, жас ұрпақ пен елдің болашағы үшін дауыс беруде. Елордалық ассамблея да сайлауға белсенді қатысып жатыр.

Сайлау учакесі ашылғалы Достық үйінде көтеріңкі көңіл-күй, достық атмосфера, жақсы ахуал орнап тұрды. Мұнда келген сайлаушылар қонақжай ғимаратпен үлкен қызығушылықпен танысып, суретке түсуде. Елордалық ассамблея мүшелерінің барлығы бір кісідей белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете отырып, Конституцияда бекітілген таңдау құқығын жүзеге асыру мақсатында сайлау учаскелеріне келді. Айта кетейік, Ассамблея мүшелері сайлауда дауыс…

Елордалық Ассамблея өкілдері Астана медициналық университетінің студенттерімен кездесу өткізді

Қарашаның 17-сі күні  Астана медициналық университетінде    «Қазақстан халқы Ассамблеясы күндері»  аясында  елордалық  қалалық ассамблея  өкілдері студенттер мен оқытушылармен кездесу өткізді. Жиынға модераторлық еткен  академиялық жұмыс жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жанар Бөкеева,  бұл шараның жастар үшін өте маңызды екенін атап өтті.    «Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің…