Жаңалықтар

2022 жылғы 10-24 тамыз аралығында «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздарды мәңгі есте қалдыру мақсатында Мәскеу қаласына экспедицияға бағыт алды. Экспедиция мүшелерінің бірі – елордалық Достық үйінің өкілі. Айта кетейік, сапар «Ресейдің іздеу қозғалысы» мен Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің «Батыс майданы. Варшава тас жолы»….

ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНЕ САПАРЛАДЫ

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестік мүшелері, ЖОО тарихшылары мен елордалық ҚХА жастары Павлодар облысының тарихи-өлкетану, киелі нысандарына сапар жасады. Сапардың негізгі мақсаты – еліміздің тарихи маңызы бар жерлерін аралап, келешек ұрпаққа оны жіті таныстыру болып саналады. Сапар бағыты Екібастұз қаласы Ақкөл-Жайылма ауылы, Баянауыл ұлттық табиғи саябағы, Қоңыр әулие…

ЕЛОРДАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «ҮКІЛІ ДОМБЫР» МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

29 шілде күні Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Үкілі домбыра» музыкалық кеші өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, туған елдің мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру. Кеш Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікзат…

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының медиа-орталығының отырысы өтті

Елордалық Достық үйінде медиа-орталықтың отырысы өтіп, онда «Ашық ақпараттық кеңістік: қоғам сұраныстары және медиа саланың даму тенденциялары» тақырыбы талқыланды. Оған журналистер, блогерлер, SMM мамандары, елордалық этномәдени орталықтар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты. – Бүгінгі таңда сенімді ақпарат көзі өте маңызды деп нақты және анық айтуға болады. Егер осыдан бір жыл бұрын…

Қалалық ассамблея әскери-тарихи музей ауласына экологиялық акция ұйымдастырды

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының, елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен жастары «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Экологиялық акция барысында ҚР ҚМ Әскери-тарихи мұражайының ауласы қоқыстан тазартылып, көшеттермен толықтырылды. Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы игі істерге әрдайым белсене қатысады. Юсуп Келигов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі,…

Елордалық оқушылар достық үйіне экскурсия жасады

Бүгін Достық үйінде Астана қаласының №46 неміс мектеп-гимназиясының оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен, қолөнер және экспонаттармен, елорда этностарының тұрмыстық бұйымдарымен танысты. Экскурсия барысында балалар қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістіктері, этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үлкен жұмыстар туралы білді. Этномәдени бірлестіктер Елорданың…