Елордалық ҚХА мүшелері мен жастары еліміздің киелі жерлеріне саяхатқа аттанды
Астана қаласы ҚХА мүшелері және жастары «Еліміздің киелі жерлеріне саяхат» жыл сайынғы жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. Автобус қалалық Достық үйінің алаңынан жолға шықты. Сапардың негізгі мақсаты – еліміздің киелі жерлерін аралап, оның тарихымен таныстыру болып табылады. https://www.instagram.com/p/DBS5FRtM8_9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
Астанада Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай іс-шара өткізілді
Елордада Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай елордадағы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Одан кейін іс-шара Достық үйінде дөңгелек үстелмен жалғасты. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ардагерлер ұйымдарының, қалалық ҚХА мүшелері, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің, Ғылыми –сараптамалық тобының,…
Астанада қалалық ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2024 жылғы 17 қазан күні елордалық әкімдікте қала әкімі Жеңіс Қасымбектың төрағалығымен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға қалалық ҚХА Кеңесінің мүшелері, қоғамдық құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған…
Жастар арасындағы «Web Masterpiece» веб-дизайнерлер байқауының жеңімпаздары анықталды
Естеріңізге сала кетейік, қалалық Ассамблеяның ұйытқы болуымен өткен байқау екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінде қатысушылар Астана қ. Достық үйі мен ҚХА қызметі туралы 3D презентациялар жасады. Негізгі кезеңге өткен үздік жұмыстардың авторлары Достық үйі веб-сайтының дизайнын құрастырды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. https://www.instagram.com/reel/DBBzsjGMIPR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
Этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша семинар-тренинг өз мәресіне жетті
Қалалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-тренингтің соңғы күні аяқталды. Екі күндік семинар – тренинг барысында тыңдаушылар этносаралық қатынас саласындағы пайдалы мәліметтермен танысып, кәсіби медиаторлар дайындаған кейстерді шешудің түрлі жолдарын қарастырды. Жалпы іс-шараға 50 мемлекеттік…
Елордада қалалық ҚХА Аналар кеңесінің кезекті басқосуы өтті
«Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблінің хореографиялық залында Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс –шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту және этнопедагогикалық тәрбиені жетілдіру, шығармашылық ұжымның қызметімен танысу. Алғашқы болып сөз сөйлеген Астана қаласы ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова Аналар кеңесінің отбасы институтын сақтау мен нығайтуда, өскелең ұрпақты…