Жаңалықтар

Достық үйінде медиация бойынша семинарлар өткізілді

  Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен қалалық ҚХА медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация туралы заңнама. Отбасылық жанжалдарды шешу» және «Медиатор және оның отбасылық жанжалдарды шешудегі рөлі» тақырыптарында семинарлар өтті. Іс-шараның мақсаты- қатысушыларды ҚР «Медиация туралы» Заңымен таныстыру. Отбасылық жанжалдарды шешуде қолдануға болатын медиацияның негізгі принциптері мен әдістерін насихаттау. Оған қалалық…

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулері жалғасуда.

Бұл жолы активтің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесуі өтті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуында еңбек және әлеуметтік қорғау жүйесі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше мән береді. Достық үйінде өткен бүгінгі жиналыста ҚХА мүшелері әлеуметтік сала бойынша өзекті сұрақтарын министрге тікелей қойып, әр мәселе…

Елордада үздік этножурналистер марапатталды

2023 жылғы 30 қарашада Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері…

Елордалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосты

  Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Достық үйінде отырыс өткізді. Күн тәртібінде ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, алдағы кезеңге арналған мақсат –міндеттерді айқындау және басқа да мәселелер болды. Алқалы жиын барысында жаңадан сайланған ұйым төрағасы Бахытжан Ертаев сөз сөйлеп, аға буынның маңызды қоғамдық, саяси, мәдени шараларға барынша…

Астанада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті

  Бүгін елордалық Достық үйінде еліміздің барлық өңірлерінен жиналған Ақсақалдар кеңесі төрағаларының басқосуы өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қолданбалы этносаяси…

Елордалық ҚХА өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша семинарға қатысты

  Қалалық Достық үйінде елордалық Ассамблея мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Семинарға спикер ретінде заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек…