Жаңалықтар

Құрметті отандастар!

  Астана Қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Азаттық, тәуелсіздік, егемендік – ата-бабаларымыздың аңсаған арманының орындалған сәті, Тәуелсіздіктің алтын ғасырына аяқ басқан мерейлі мезеті. Дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы саналатын Тәуелсіздігімізге биыл 32 жыл толып отыр. Осынау ел халқының бірлігі мен…

Елордада Александр Затаевичке арналған мурал ашылды

  Бүгін Астанада Бейбітшілік көшесі, 5, мекен-жайы бойынша «Александр Затаевич – халық әндерін мәңгі есте қалдырған тұлға» атты муралдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жобаны Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының және елордалық Ассамблеяның қолдауымен “Polacy” поляк этномәдени бірлестігі жүзеге асырды. Жоба жетекшісі-поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Роговская. Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған…

Елордада Дағыстанның халық ақыны Р.Ғамзатовтың 100 жылдығын атап өтті

  Бүгін елордалық Достық үйінде дағыстандық жыршы, авар халқының ұлы ақыны Расул Гамзатовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара өтті. Оған Р.Ғамзатов атындағы мәдениетті қолдау қоғамдық қорының президенті, ақынның қызы Салихат Гамзатова, қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов және Дағыстандық делегация өкілдері қатысты….

ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М. ӘЗІЛХАНОВ ҚЫРҒЫЗ ЭМБ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

  2023 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қырғыз этномәдени бірлестіктері өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Астана қаласының қырғыз ЭМБ төрағасы Шавкат Исмаилов, сондай-ақ өңірлердегі қырғыз этномәдени орталықтарының төрағалары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері және ҚХА мүшелері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өңірлердегі қырғыз…

АСТАНАДА Ш.АЙТМАТОВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

  Бүгін елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірлесе ұйымдастыруымен Ш.Айтматовтың 95 жылдығына орай «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты халықаралық конференция өтті. Елордалық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов модераторлық еткен іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА…

Елордалық Корей жастары қозғалысы есептік жиынын өткізді

  Достық үйінде елордалық Корей жастары қозғалысының ұйымдастыруымен «MDK Highlights 2023» атты іс –шара өтті. Оның барысында ұйым өкілдері 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, келесі жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Айта кетейік, бүгінгі таңда аталмыш қозғалыс 7-ге жуық сектор бойынша түрлі бағытта қызмет етеді. Жиын барысында құттықтау сөз…