(KAZ) 🔹Елордалық ҚХА мүшелері Президент Жолдауын талқылады Астана қаласының Достық үйінде…

Sorry, this entry is only available in KAZ.

🔹Елордалық ҚХА мүшелері Президент Жолдауын талқылады

Астана қаласының Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова, Астана қаласы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Халел Маслов, қалалық ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері және «Ассамлея жастары» РҚБ мүшелері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжаттың маңыздылығын атап өтті. Жиналған қауым Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайтуға өз үлестерін қосуға әркез дайын екендіктерін жеткізді.

#президентжолдауы #жолдау2025 #посланиепрезидента #послание2025 #қха30жыл #анк30лет

You may also like...