(KAZ) 🔹ҚХА өкілдері «UNITON» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді Жұмысшы мамандықтар…
🔹ҚХА өкілдері «UNITON» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Еңбек күніне орай елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «DAT KZ» ЖШС-нің газоблок кірпіштерін шығаратын зауытына сапар ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Геннадий Шиповских, Әсем Рахметова, Астана қаласы мәслихаты депутаттарының Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі уақытша комиссиясының мүшесі Асқар Смағұлов , Астана қаласы әкімдігінің және елордалық ҚХА өкілдері қатысты.
Сапар барысында олар кәсіпорынның өндірістік үдерісімен және жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ өндірісте ерекше көзге түскен жұмысшыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
Қонақтар зауыт жұмысшыларына өңірдің және жалпы елдің экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, әрбір адамның еңбегі тұрақты өсудің негізі екенін атап өтті.
Айта кетейік, жақын арада кәсіпорын базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Еңбек Ассамблеясының өкілдігі ашылады.
#еңбеккүні#деньтруда #жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий2025 #қха30жыл #анк30лет











