🔹«Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі ел бойынша ең талантты балалар мен жасөспірімдерді…

🔹«Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі ел бойынша ең талантты балалар мен жасөспірімдерді біріктірді

15 қараша күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған Республикалық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық фестивалі «Бірлігіміз жарасқан!» өтті. Шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович қатысты.
ҚХА шығармашылық ұжымдарының қауымдастығы полиэтникалық Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау мақсатында аталған фестивалды жыл сайын ұйымдастырып келеді. Биылғы өнер додасына 400-ден астам қатысушы жиналды.
Фестиваль барысында жас дарындар хореография, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, вокал, медиа (мобилография) секілді номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Әрбір қойылым фестиваль атмосферасына ерекше реңк беріп, көрермендерге жарқын әсер сыйлады.
Іс-шара Ғ.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімімен қорытындыланды.

You may also like...