(KAZ) Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы күні өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы күні өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы күні аясында қалалық ҚХА өкілдері Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.
Іс- шараға модераторлық еткен «Радима» белорус мәдени орталығының төрағасы, аталмыш жоғары оқу орнының Музыкатану және фортепиано факультетінің деканы Дмитрий Останькович бұл кездесудің жастар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде жиын барысында спикерлер еліміздің ең басты құндылығы – ынтымақ пен бірлік тақырыбында әңгіме қозғап, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы – Достық үйі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі жайлы баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ студенттердің назарына Қазақстанда тұратын түрлі этностардың мәдениетін бейнелейтін қолданбалы өнер көрмесі және этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

https://www.instagram.com/reel/DC66brcM-l4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

You may also like...