(KAZ) 1 желтоқсан күні Сағат 13:00-Де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залында (Республика Даңғылы, 2), Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен VII “Алтын күн” балалар патриоттық әндерінің фестивалі өтеді.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

1 желтоқсан күні елордада сағат 13:00-де ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залында (Республика даңғылы, 2) Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Алтын күн» VII балалар патриоттық әндер фестивалі өтеді. Шараның негізгі мақсаты – патриоттық тәрбиені насихаттау және дарынды балаларға қолдау білдіру, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттау. Оған қалалық этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдардың құрамындағы балалар қатысып, бақтарын сынайды.

Айта кетейік, игі дәстүрге айналған аталмыш балалар патриоттық ән байқауы жыл сайын өкізіліп келеді. «Алтын күн» – бірегей жобасы жас буын өкілдерінің патриоттық сана-сезімін қалыптастыруға және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Байқау 2 кезеңнен тұрады және үш жас санаты бойынша өтеді: 6-10 жас, 11-13 жас және 14-16 жас. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады.

Өтінімдер 25-ші қарашаға дейін madinchik95@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

https://www.instagram.com/p/DCi519Zumh1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

You may also like...