(KAZ) Астанада қалалық ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2024 жылғы 17 қазан күні елордалық әкімдікте қала әкімі Жеңіс Қасымбектың төрағалығымен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға қалалық ҚХА Кеңесінің мүшелері, қоғамдық құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалып, қоғамдық институттың қайырымдылық қызметі туралы сөз етілді.
Іс-шара қалалық ҚХА белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.
https://www.instagram.com/p/DBPAf0GOPIy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1