(KAZ) ҚХА өкілдері «ModeX Astana» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, Астана қаласының мәслихат төрағасы, Астана қаласы әкімдігінің және елордалық ҚХА өкілдері «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» атты қоғамдық жобасы аясында BI Development Astana компаниясының «ModeX Astana» ірі блокты үй құрылысы зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Еңбек күніне орай ұйымдастырылыған іс- шара барысында олар кәсіпорынның өндірістік үдерісімен және жетістіктерімен танысып, өндірісте ерекше көзге түскен жұмысшыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, Парламент атынан алғыс хаттар табыстады.

ҚХА өкілдері зауыт жұмысшыларына өңірдің және жалпы елдің экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, әрбір адамның еңбегі тұрақты өсудің негізі екенін атап өтті.

Кездесу барысында зауыт өкілдері қонақтарды кәсіпорынның озық технологияларымен таныстырып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.

https://www.instagram.com/reel/DAbK9OosP4L/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

You may also like...