(KAZ) Елордалық БАҚ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысына қатысты.
Елордалық БАҚ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысына қатысты. Іс –шара барысында толеранттылықты нығайтуда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда БАҚ қызметінің рөлі жайлы баяндалды.
Отырыс аясында әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев «өшпенділік тілі» әдіснамасы мен ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар саласындағы шиеленісті жағдайлардың алдын алудың 10 ережесі туралы айтып берді. Factcheck.kz бас редакторы Думан Смақов БАҚ-та этносаралық тақырыпты жариялау және этносаралық шиеленістер кезіндегі көрнекі ақпаратты (фото және бейне) тексеру тәсілдері бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Оқыту қорытындысы бойынша отырыстың белсенді қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.
Айта кетейік, жоғары деңгейде өткен танымдық іс-шараға шараға елордалық ҚХА Журналистер клубының мүшелері де қатысты.
https://www.instagram.com/p/DATI_dCC2qM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1