(KAZ) Елордалық ҚХА Журналистер клубының кезекті отырысы өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

2024 жылдың 17 қыркүйегінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кезекті жұмыс отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі – 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы болды. Клуб мүшелері Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылап, олардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ отырыс барысында 2024 жылғы IV тоқсанына арналған жұмыс жоспары және келесі жылы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында өтетін іс-шаралар тізбегі қаралды. БАҚ өкілдері этносаралық келісімді нығайту және қоғамдағы толеранттылықты насихаттауға бағытталған ақпараттық науқанды күшейту қажеттілігін атап өтті. Сондай –ақ қатысушылар айтулы датаны ақпараттық тұрғыда кеңінен насихаттау қажеттілігін, ел бойынша өтетін іс-шараларды белсенді түрде жариялау керектігін айтып кетті. Клуб мүшелері алдағы жұмысқа дайын екендіктерін жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді.

https://www.instagram.com/p/DAB3hovOkCy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

You may also like...