(KAZ) «Родны кут» беларусь мәдени орталықтарының қауымдастығы елордалық «Радима» беларусь мәдени орталығымен бірлесе Қазақстан халқы тілдері күніне арналған “Вечна жывая мова мая”
«Родны кут» беларусь мәдени орталықтарының қауымдастығы елордалық «Радима» беларусь мәдени орталығымен бірлесе Қазақстан халқы тілдері күніне арналған “Вечна жывая мова мая” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Достық үйінде өткен іс-шараға ҚР беларусь мәдени орталықтары қауымдастығының мүшелері, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында қатысушылар тілдер мерекесіне қатысты қызықты деректермен бөлісіп, мемлекеттік тілді үйрену мәселесі төңірегінде әңгіме өрбітті.
https://www.instagram.com/p/C_qRrnGMBLO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D