(KAZ) Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді жалғастыруда.
Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді жалғастыруда.
Елордалық Достық үйінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
Өңірлердегі аса мұқтаж отбасыларға көмек жеткізу және бөлу жөніндегі жұмысты үйлестіру мәселелері талқыланды.
Өңірлік штабтардың, волонтерлік орталықтардың және достық үйлерінің базасында гуманитарлық көмек қабылдау пункттерінің қызметі басталды.
Ассамблея мүшелері мен белсенділері Қарағанды және Ақмола облыстарына 30 млн. теңгеден астам соммаға гуманитарлық көмек жинап, жолдады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске асыру басталды.
Ассамблея мүшелерінің сыни сағатта бірігуі мен көмегі келісім мен бірліктің біздің басты құндылығымыз екенін тағы да дәлелдейді.