(KAZ) Елордалық Ассамблея «Текемет киіз басу» шеберлік сағатын өткізді

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

3 желтоқсанда  алалық Достық үйінде «Текемет киіз басу» шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар халқымыздың ертеден келе жатқан қол өнері киіз басу, соның ішінде текемет жасау әдістерімен таныса алды. Сондай-ақ, қонақтар өз бизнесін нөлден бастап дамытуға гранттар туралы ақпарат алып, дастархан басында бас қосып, жан-жақты пікір алмасты.

Іс-шараға Еуразия гуманитарлық институтының студенттері, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы, «AltynBala», «AnaTime» әлеуметтік жобаларының негізін қалаушы Алтынай Тәңірбергенова, сонымен қатар Астана қаласының ««En baqytty el» қоғамдық қорының жетекшісі, «DANI» киіз брендінің шебері және дизайнері, киіз шеберханасының жетекшісі Камиля Сүлейменова, киіз басу және құрақ көрпе технологиясының сертификатталған шебері Мадина Қуандық қатысты.

Айта кетейік, «Текемет киіз басу» үш модульді қамтитын «Ana time» бағдарламасы бойынша оқудан өткен әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған үшінші практикалық модуль. Бағдарлама аясында 120 әйел адам оқуын сәтті аяқтады.


You may also like...