(KAZ) ЕЛОРДАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ МЕН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

          Бүгін елорданың Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының медиа-орталығының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ-ға арналған гранттар: краудфандинг және фандрайзинг» атты оқыту семинары, шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараның спикері әлеуметтік кәсіпкер, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Аскеров болды.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, елордалық этномәдени бірлестік өкілдері, ҮЕҰ, студент жастар, SMM-мамандар, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Астана қаласының ҚХА медиа орталығының жетекшісі Равиль Валеев:  

– Бұл шеберлік сабық әлеуметтік, мәдени және қоғамдық салалардағы Азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында өткізіледі. Аталған іс-шараның өзектілігі әр этномәдени орталықтың өз жобалары, олар жүзеге асыратын түрлі іс-шаралары бар екендігінде. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және іс-шараларды өткізу үшін қаржыландыру қажет, сондықтан ҮЕҰ үшін гранттар – бұл оларға қажет болып саналады. Шақырылған спикер Эмин Әскеров қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлермен жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бұл шеберлік сабағы тыңдаушыларға өз білімдерін байытуға, болашақ жобаларды іске асыруға және оларды іс жүзінде қолдануға көмектеседі деп сенемін.

       Әлеуметтік кәсіпкер, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров:

– Елордамыз бен Қазақстанның этномәдени орталықтары мәдениетпен және дәстүрлермен байланысты маңызды жобалар және көбінесе олар үшін мәселе олардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға назар аудару болып табылады. Сондықтан мен краудфандинг және фандрайзинг мүмкіндіктері туралы айтып, әлеуметтік – бағдарланған жобаларды қолдаумен айналысатын ұйымдардың мысалдарын келтірдім және оның қалай жұмыс істейтінін көрсеттім.

Айта кету керек, іс-шара ZOOM платформасында тыңдармандары үшін көрсетілді. Шара соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша спикермен пікір алмасты.

You may also like...