(KAZ) ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА ШАҒЫН-ФУТБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Елордалық «Тарлан Арена» спорт кешенінде Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кубогына арналған «Спорт – ұлт денсаулығы» шағын-футболдан турнир өтті.
Турнирге бір-бірімен командалық жарыста жеңіске жеткендер іріктелді. Аталған турнирдің басты мақсаты жастар арасында достық пен төзімділікті нығайту, оларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ спортты қоғам өмірінде танымал ету болып табылады.
Бұл турнир жыл сайын өткізіліп, елордалық Ассамблея өміріндегі дәстүрлі іс-шараға айналды.
Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы басшылығы спорттық шараны ашып, командаларға сәттілік тіледі.
Турнирге 11 команда қатысты: Өзбек этномәдени орталығы – «ПОЙТАХТ»; Дүнген этномәдени орталығы – «ЮНЧИ»; Түрік мәдени орталығы – «AHISKA TURK»; «Барбанг» РҚБ Астана күрд филиалы – «МЕСОПОТАМИЯ»; Қарақалпақ этномәдени бірлестігі – «ЖАЙХУН»; Әзірбайжан ҚБ – «ХАЗАР»; қалалық ҚХА құрамасы; Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ – «ЕЛОРДА»; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі; Астана қаласының полиция департаменті; ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Астана қаласы бойынша – «САҚШЫ».
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Турнир қорытындысы бойынша жарыс жеңімпаздары:
I орын – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің командасы;
ІІ орын – Астана қаласының полиция департаментінің командасы;
ІІІ орын – Өзбек этномәдени орталығының «ПОЙТАХТ» командасы.
Өзбек этномәдени орталығының «ПОЙТАХТ» командасы елордалық Ассамблеяның намысын тағы да қорғап, үздік жауынгерлік қасиеттер мен спорттық ынта көрсетті.
Номинация жеңімпаздары:
«Үздік қорғаушы» – Астана қаласының полиция департаментінің командасынан Ерболат Бекежанов;
«Үздік шабуылшы» – ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Астана қаласы бойынша «САҚШЫ» командасынан Арслан Базғали;
«Үздік қақпашы» – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің командасынан Нұрлан Турапов;
«Үздік ойыншы» – Өзбек этномәдени орталығының «ПОЙТАХТ» командасынан Отабек Курбанов;
«Үздік жаттықтырушы» – Өзбек этномәдени орталығының «ПОЙТАХТ» командасының жаттықтырушысы Бегмурад Халикулов.
Іс-шара соңында турнир жеңімпаздарына медальдар, дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Турнирге қатысушылар дене даярлығының, төзімділіктің және спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.