(KAZ) ЕЛОРДАДА «ЙЫЙЫН-2022» БАШҚҰРТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Бүгін Астана қаласындағы «Астаналық» циркінің алдындағы алаңда ҚР Конституция күнінен орай «Акбузат» башқұрт этномәдени бірлестігінің «Йыйын-2022» дәстүрлі мерекесі өтті.

Мерекенің негізгі мақсаты – Қазақстанда тұратын халықтардың бірлігі мен достығын нығайту, башқұрт халқының мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту.

«Йыйын» – башқұрт халқының ежелгі дәстүрлі мерекесі.                        Дәстүр бойынша бұл мереке қазақ жерінде атап өтіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Башқұртстан, Ресей әртістері және Астана қаласының өнерпаздары халық әндерін орындап, мерекеге Сибай концерттік театр бірлестігі өнер көрсетті.

Мерекелік бағдарламадан басқа ұлттық ойындар, дәстүрлі спорттық жарыстар өткізіліп, этнокөрмелер ұсынылды. Елорда тұрғындары жарысқа белсене қатысып, ұйымдастырушылардан түрлі сыйлықтар алды.

Мерекені ұйымдастырушылар: Башқұртстан Республикасы әкімшілігінің қолдауымен «Ақбузат» башқұрт этномәдени бірлестігі,                   Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстандағы Ресей Федерациясының Елшілігі.

 

You may also like...