🔹Астанада қалалық ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті Елордалық Достық үйінде…
🔹Астанада қалалық ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың төрағалығымен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Астана қаласы ҚХА кеңесінің мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері және жастар қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты ХХХIV сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында елордалық ҚХА –ның атқарған жұмысы жайында баяндалып, еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған жобалар туралы сөз етілді.
Астана қаласы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Наргизам Махмудова атап өткендей, 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған қалалық іс-шаралар жоспары іске асырылып, оның аясында 60 ірі әрі әртүрлі форматтағы бастама жүзеге асты. Аталған іс-шаралар мәдени, жастар, әлеуметтік, білім беру, медиация және ақпараттық бағыттарды қамтыды. Мерейтойлық іс-шаралардың басталуы 1 наурыз күні Достық үйінде «Қайырымдылық керуені» акциясының іске қосылуымен қатар өтті. Бұл жыл бойы атқарылған жұмыстың негізгі бағытын — қоғамдық диалог пен әлеуметтік жауапкершіліктің үйлесімін айқындады.
Сонымен бірге іс-шара барысында «Бірлік пен береке бесігі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, аталмыш еңбек ел бірлігін нығайту жолындағы құнды рухани мұра ретінде таныстырылды.
Іс-шара қалалық ҚХА белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.
#қха30жыл #кеңесотырысы #бірлік#татулық #достықүйі#астана




