«Polacy» этномәдени орталығына қарасты этнолингвистикалық мектеп 25 жылдығын атап өтті…

«Polacy» этномәдени орталығына қарасты этнолингвистикалық мектеп 25 жылдығын атап өтті

Поляк этномәдени бірлестігіне қарасты этнолингвистикалық мектебінің 25 жылдығына орай елордалық Достық үйінде мерекелік іс-шара өтті.

Ширек ғасыр ішінде мектеп поляк мәдениеті мен тілін сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік беретін рухани-мәдени орталыққа айналды. Салтанатты жиын барысында жиналған көпшілікке мектептің жетістіктері кеңінен таныстырылды.

Құттықтау сөз сөйлеген Астана қаласы ҚХА Хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова этномәдени орталықтың мүшелеріне ел бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбектері үшін алғыс білдіріп, тіл мектебінің зор әлеуетін атап өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында бірлестіктің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Сонымен қатар іс-шара барысында этнолингвистикалық мектептің белсенділері алғыс хаттармен марапатталды.

#поляк #polacy#достықүйі#этнолингвистика#қха30жыл#анк30лет

You may also like...