(KAZ) ⚜️Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіз Қазақстан Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан…
⚜️Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіз Қазақстан
Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобы мен Жас ғалымдар клубының «Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіз Қазақстан» атты кеңейтілген отырысы өтті. Оған Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, этномәден бірлестіктердің, Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, жас ғалымдар және студенттер қатысты.
Тәуелсіздік күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған іс-шараның басты мақсаты– еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдеріне шолу жасау, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ жастар арасында патриоттық сезімді тәрбилеу.
Жиынға модераторлық еткен ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Тілеген Садыков Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы
жетістіктеріне тоқталып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті нығайту мен сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесін атап өтті.
Жиын барысында халқымыздың мәңгілік құндылығы саналатын Тәуелсіздігіміз жайлы баяндалып, мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдері, ұлттық бірлікті нығайту және этномәдени үдерістерді ғылыми сүйемелдеу мәселелелері жан-жақты талқыланды.
Іс- шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, келелі ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен бірге Ғылыми-сараптамалық топтың белсенділеріне алғыс хаттар табыс етілді.
#тәуелсіздіккүні#деньнезависимости #казахстан #қха30жыл #анк30лет















