🔹Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды 📍Астанада философ, ғалым, армян…

🔹Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды

📍Астанада философ, ғалым, армян әліпбиінің негізін қалаушы Месроп Маштоц атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

📌Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, армян этномәдени бірлестігінің өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Астанада Месроп Маштоц атындағы көшенің ашылатыны туралы алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы сәуірде Ереванға жасаған ресми сапары барысында жарияланған еді.

Өз құттықтау сөзінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көшенің ашылуы екі халықтың достық, өзара түсіністік пен мәдени бірлікті нығайтуға деген ұмтылысының жаңа символы екенін атап өтті.

«Бүгінгі іс-шара – армян халқына деген құрметіміз бен достық пейіліміздің белгісі. Осы жылдың сәуір айында Ереванда қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының атындағы саябақ ашылды. Енді ол жерде ойшылдың құнды мұрасы ұлықталады. Бүгін Қазақстанда Месроп Маштоцтың есімі берілген көшені ашу арқылы біз осы игі қадамға құрметпен жауап беріп, рухани мұра – мәдениеттеріміз қос өзеннің сағасындай тоғысатын, бір-бірін байыта түсетін кеңістік екенін тағы бір дәлелдейміз», – деді Аида Балаева.

✔️Салтанатты іс-шара барысында сөз сөйлеген Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян армян ғалымының есімін ұлықтау халықтардың өзара құрметі мен достығы, мәдени ынтымақтастығы тарихындағы жаңа белес екенін атап өтті.
@madeniet__aqparat__ministrligi

You may also like...