🔹Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері мектеп оқушыларымен кездесулер өткізуде Астана…

🔹Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері мектеп оқушыларымен кездесулер өткізуде

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі елордалық мектептердің ұстаздарымен, оқушыларымен және ата-аналармен кездесу жұмыстарын жалғастыруда.
Нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталған «Салауатты сана» бағдарламасы аясында Аналар кеңесінің мүшелері бұл жолы №111 орта мектебінің оқушылары мен олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аналалар қауымының өкілдері балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлу маңыздылығын тілге тиек етіп, отбасы мен мектептің тәрбие процесіндегі рөліне тоқталып өтті. Сондай-ақ нашақорлық, лудомания зиянды әдеттердің алдын алу және басқа да әлеуметтік кеселдерге жол бермеу мәселеріне ерекше назар аударылды. ⠀

You may also like...