(KAZ) 🔹Елордалық оқушылар Достық үйіне саяхат жасады Достық үйінде балаларға арналған…
🔹Елордалық оқушылар Достық үйіне саяхат жасады
Достық үйінде балаларға арналған кезекті экскурсия ұйымдастырылды. «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Владислав Вебердің шақыруымен № 91 мектеп-гимназиясының оқушылары Достық үйінде қонақта болды.
Экскурсия барысында балалар ғимараттың ішін тамашалап, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралармен таныс болды.
Шара соңында оқушылар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.









