(KAZ) 🔹Астанада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтті…
🔹Астанада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтті
Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтті.
Жоба аясында елордалық мектептердің өнерлі оқушылары халқымыздың біртуар перзенті, көрнекті күйші-композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық байқауына қатысып, бақтарын сынады.
Қазылар алқасының шешімімен жас қобызшы Эльмира Вафина жеңімпаз атанып, Астана қаласы атынан республикалық жобаның қорытынды гала-концертіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылы жобасы мектеп жасына дейінгі балаларды, мектеп оқушылары мен түрлі этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге тарту, сондай-ақ оларды шығармашылық арқылы қазақ халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуға, қазақстандық бірегейлікті насихаттауға және халық бірлігін нығайту бағытталған.
#мыңбала #жоба#қха30жыл #анк30лет#өнерлібалалар











