(KAZ) Елордада Республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті Қалалық Достық үйінде…
Елордада Республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
Қалалық Достық үйінде Республика күніне орай «1990 жылғы 25 қазан –Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.Оған Астана қаласы әкімдігінің, қалалық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының өкілдері, тарихшы-ғалымдар және ЖОО оқытушылары қатысты.
Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов жиналғандарды келе жатқан Республика күнімен құттықтап, егемендігімізді дәріптейтін ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті.
Алқалы жиын барысында қатысушылар Мемлекеттік егемендік туралы Декларация жайлы сөз қозғап, бұл тарихи құжат елдің егемендігін жариялап қана қоймай, саяси және құқықтық жүйенің жаңа бағытын айқындағанын атап өтті.
#достықүйі #домдружбы #қха30жыл #анк30лет #apk30years











