(KAZ) 🔹Достық үйінде «Дәстүр мен бірлік. Бір шаңырақ астында» атты фестиваль…
🔹Достық үйінде «Дәстүр мен бірлік. Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтті
Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Дәстүр мен бірлік. Бір шаңырақ астында» атты жарқын фестивалі өтті. Республика күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараның басты мақсаты – егемендігімізді дәріптейтін ұлттық мерекеміздің маңыздылығын насихаттау, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ еліміздің мәдени әралуандылығын көрсету.
Іс-шараға ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, шығармашылық ұжымдар, жастар, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. Жиналғандардың назарына этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ «Zeken Moda» сән үйінің ұлттық киімдер эксклюзивті топтамасының көрсетілімі өтті.
Аталмыш фестиваль еліміздегі бірлік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп, келген қонақтардың арасында жақсы көңіл-күй мен қуаныштың символы ретінде есте қалмақ.
#фестиваль #бірлік #біршаңырақастында #мереке#республикакүні🇰🇿 #қха30жыл #анк30лет





















