(KAZ) 🔹Қытайдың Тарбағатай аймағынан атпен сапарға шыққан жас жұбайлар – Қуанбек…

Sorry, this entry is only available in KAZ.

🔹Қытайдың Тарбағатай аймағынан атпен сапарға шыққан жас жұбайлар – Қуанбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы Астанаға жетті. Құрметті меймандарды елордалық Достық үйінің алаңында қала тұрғындары мен қонақтары ерекше сый-құрметпен қарсы алды.

Кездесу барысында қонақтар ғимарат ішін аралап, ынтымақ пен татулық ордасының қызметімен танысты. Дөңгелек үстел басында жиналғандар еліміздегі бейбітшілік пен татулық жайлы келелі әңгіме өрбітті. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері жас жұбайларға арнайы төсбелгі мен алғыс хат табыстаса, ал қала тұрғындары мен қонақтары Қуанбектың иығына шапан жапты.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар Тарбағатай аймағына қарасты Сауан ауданынан 8 тамыз күні аттанған. Жалпы жүріп өткен жол қашықтығы 2 500 шақырымнан асады. Басты мақсаты – екі елдің достығын насихаттап, Астанаға алыстағы қандастардың ақ сәлемін жеткізу болды.

#сапар#саяхат #қазақстан#қытай#кездесу#мейман

You may also like...