(KAZ) 🔹Елордалық ҚХА жастарының Ұлытау облысына сапары өз мәресіне жетті Астана…
🔹Елордалық ҚХА жастарының Ұлытау облысына сапары өз мәресіне жетті
Астана қаласы ҚХА жастары үшін ұйымдастырылған еліміздің киелі жерлеріне саяхат өз мәресіне жетті. Үш күндік экскурсиялық саяхат барысында қатысушылар өңірдің бірқатар тарихи-мәдени нысандарын аралады. Атап айтсақ, олар Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелерінде, «Хан Ордасы» ескерткішінде және Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайында болды. Сондай-ақ Өркеш тау, Ақжар борлы тауларының сұлулығын тамашалап, табиғат аясында естелік суретке түсті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің тарихи маңызы бар жерлерін аралап, келешек ұрпаққа оны жіті таныстыру болып табылады.
Айта кетейік, қатысушылар бірауыздан ұйымдастырушыларға қызықты әрі танымдық экскурсиялық бағдарлама үшін алғыстарын жаудырып, өздері үшін пайдалы және құнды ақпарат алғанын атап өтті.
***
🔸Завершилось путешествие по сакральным местам Казахстана
В рамках ежегодного проекта «Путешествие по сакральным местам Казахстана» молодежь Ассамблеи народа Казахстана города Астаны посетила область Ұлытау.
Во время путешествия по сакральным местам страны участники познавательного тура посетили ряд историко-культурных объектов в регионе – мавзолеи Жошы хана, Алаша хана и Домбауыла, памятник «Хан Ордасы», а также с. Ұлытау и Музей истории горного и плавильного дела в поселке Жезды. Путешественники также смогли насладиться красотой меловых гор Акжар и горы Өркеш тау, сделав памятные фотографии на фоне живописных пейзажей Улытауского региона.
Отметим, что участники выразили слова благодарности организаторам за столь интересную и насыщенную экскурсионную программу, отметив, что получили для себя много полезной и ценной информации.
#киеліжерлер #сакральныеместа#қхажастары #саяхат#путешествие #ұлытау #улытау #қха30жыл #анк30лет














