(KAZ) 🔹2025 жылғы 17 қазан күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы…

Sorry, this entry is only available in KAZ.

🔹2025 жылғы 17 қазан күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Астана қаласының Достық үйінің маңында орналасқан «Достық» саябағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Бір ел, бір мүдде» депутаттық тобының мүшесі, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Пономарев, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдары мен елорда этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты. Олар саябақ аумағын жапырақтар мен қоқыстардан тазартып, ағаш екті.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының белсенді қатысушысы. ҚХА қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері жер үйлерде тұратын жалғызбасты көпбалалы аналардың және жалғызбасты қарттардың аулаларын қардан тазалауға көмек көрсетіп, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту және ағаш егу жұмыстарына белсенді түрде қатысып келеді.

#тазақазақстан #экологиялықакция #экологиялықмәдениет #қха30жыл #анк30лет

You may also like...