(KAZ) 🔹 Халықаралық қарттар күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мүшелерінің…

Sorry, this entry is only available in KAZ.

🔹 Халықаралық қарттар күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мүшелерінің атынан ҚХА ардагерлері – Рафаил Гиреевич пен Рашида Кабировна Аблаковаларға құрмет көрсетілді.

Рафаил Гиреевич ел экономикасын дамытуға, татар этномәдени бірлестігін нығайтуға, Сабантой мерекелерін ұйымдастыруға, сондай-ақ мәдени әралуандықты сақтауға, этносаралық ынтымақ пен келісімді орнықтыруға зор үлес қосты.

Келер жылы құрметті ардагеріміз 90 жасқа толмақ, алайда ол бүгінде де белсенді қызмет етіп, сурет өнерімен айналысуды жалғастыруда.
Оның картиналары табиғат сұлулығына және Отанға деген сүйіспеншілікке толы.

Рашида Кабировна денсаулық сақтау ісінің үздігі, ол көптеген жылдар бойы халқымызға адал қызмет етіп, өзін адамдардың денсаулығын қорғау ісіне арнады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Рафаил Гиреевич пен Рашида Кабировна Аблаковаларға Aссамблеяның «Алғыс» төсбелгісін табыстады.

Бұл – олардың жұмысқа деген зор ықыластарының жемісі әрі сіңірген зор еңбектеріне көрсетілген құрметтің бір ғана белгісі.

Құрметті ардагерлерімізге мықты денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!

#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years
@assembly_resmi

You may also like...