(KAZ) 🔹Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы шешен-ингуш…

Sorry, this entry is only available in KAZ.

🔹Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігінің төрағасы Б. Солсановпен кездесті.

Кездесу барысында бірлестіктің жүзеге асырған жобалары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бастамалары талқыланды.

Әртүрлі этнос өкілдерін біріктіріп, «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын айқын көрсетіп келе жатқан «Вайнах» халық ансамблінің жетістіктеріне жеке тоқталды. Биыл бұл ұжым Батуми қаласында өткен «Golden Fleece» халықаралық фестивалінде Супер Гран-при жүлдесін иеленді.

#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years

You may also like...