(KAZ) Елордада «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» атты фестиваль өтті Елордалық…

Sorry, this entry is only available in KAZ.

Елордада «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» атты фестиваль өтті

Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» атты фестиваль өтті. Отбасы күніне арналған іс-шараның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және этнопедагогикалық тәрбиені жетілдіру, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, қазақ халқының бай мәдениетімен таныстыру.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович, елордалық ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері және жастар қатысты.

Дөңгелек үстел басында қатысушылар отбасы құндылықтары туралы әңгіме өрбітіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен кеңінен танысты. Отбасылық құндылықтар және қазақтың салт-дәстүрлері, қолөнері сынды халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасын насихаттайтын фестиваль аясында ұлттық нақыштағы панно жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ ою-өрнегінің тарихы мен мән-мағынасымен танысып, өз қолдарымен тұмар жасап көрді. Сондай –ақ жиналған көпшіліктің назарына ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.

Аталмыш фестиваль еліміздегі бірлік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп, келген қонақтардың арасында жақсы көңіл-күй мен қуаныштың символы ретінде есте қалмақ.

#отбасыкүні #деньсемьи #отбасықұндылықтары #семейныеценности👪 #қха30жыл #анк30лет #apk30years

You may also like...