✨ 8 қыркүйек күні Астана қаласындағы Достық үйінде елордалық Ассамблея…

✨ 8 қыркүйек күні Астана қаласындағы Достық үйінде елордалық Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен «Тілдік шеберлік сабақтары» атты тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің тілдік әралуандығын көрсету, қатысушыларға қарапайым сөйлемдер мен сөз тіркестерін үйрету, сондай-ақ каллиграфия өнерін дәріптеу болды.

📚 Жастар шағын топтарға бөлініп, корей, дүнген, әзербайжан, өзбек, поляк, неміс және басқа да тілдерде де амандасу, алғыс айту, қоштасу сөздері мен сөз тіркестерін меңгерді. Әр топ үйренген фразаларын қысқа диалог арқылы бекітіп, тіл үйренудің жаңа қырын сезінді.

🖋 Шараның келесі кезеңінде каллиграфия шеберлері қатысушылардың есімдерін әзербайжан, дүнген және корей тілдерінде әсем әріппен жазып, оларды естелікке табыс етті.

Бұл басқосу – жастардың достығын, мәдени әралуандылықты және өзара сыйластықты дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды. 🤝✨

#АссамблеяЖастары #ДостықҮйі #ТілдікШеберлікСабақтары #ДостықПенБірлік #мәдениәралуандылық

You may also like...