(KAZ) ЕЛОРДАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚХА КҮНІ ӨТУДЕ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Қазақстан халқы Ассамблеясы күні аясында қалалық ҚХА өкілдері А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.

Жиын барысында орыс, әзірбайжан, ұйғыр және армян этномәдени орталықтарының өкілдері еліміздің ең басты құндылығы – ынтымақ пен бірлік тақырыбында әңгіме қозғап, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның құрамындағы бірлестіктердің қызметі жайлы баяндап берді.

Сондай-ақ студенттердің назарына Қазақстанда тұратын түрлі этностардың мәдениетін бейнелейтін қолданбалы өнер көрмесі және этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

https://www.instagram.com/reel/DC1_gq4O08q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

You may also like...