(KAZ) Елордалық ҚХА Журналистер клубы семинар-тренинг өткізді

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Достық үйінде Астана қаласы ҚХА Журналистер клубы этномәдени бірлестіктер төрағаларының жас орынбасарлары және баспасөз хатшылары үшін семинар-тренинг ұйымдастырды. Іс-шара барысында клуб төрайымы Аделия Тухбатова әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу, тартымды контент жасау және т.б. туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Ал SMM бойынша практикалық сабақтар барысында қатысушылар әлеуметтік желілерге арналған контент жасауды және оны ілгерілетуді үйреніп, цифрлық маркетинг әлеміндегі заманауи трендтермен танысты.

Өз кезегінде қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов EnbekSkills порталындағы түрлі мамандықтар бойынша тегін онлайн-курстар туралы қысқаша баяндап берді.

Алдағы уақытта осындай семинар-тренингтер жалғасын табатын болады.

https://www.instagram.com/p/DCXTJLYuQzZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1

You may also like...