(KAZ) Елордада Ингушетия Республикасынан келген үкіметтік делегацияның құрметіне салтанатты концерт ұйымдастырылды.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордада Ингушетия Республикасынан келген үкіметтік делегацияның құрметіне салтанатты концерт ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында елордалық “Вайнах” шешен-ингуш халық ансамблі және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты Орталық ансамблінің әртістері көрермендерге мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Айта кету керек, аталмыш іс- шара мәдени алмасудың ғана емес, сондай -ақ Қазақстан мен Ингушетия арасындағы берік достықтың символына айналды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас ортақ құндылықтарға, достық пен бауырластыққа негізделген.

Ингушетия делегациясының Қазақстанға сапары және олардың құрметіне ұйымдастырылған концерт- бұл тек құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы тығыз мәдени және достық байланыстардың жоғары деңгейде екендігінің айқын көрінісі.

https://www.instagram.com/p/DB4ZCWuOyU8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1

You may also like...