(KAZ) Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында халық бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен марапатталды.
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында халық бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен марапатталды. Ұлтаралық бейбітшіліктің дамуына сіңірген елеулі еңбегі үшін «Ел бірлігі» орденімен Қазақстан халқы Ассамблеясының және елордалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Салман Героев марапатталды.
Сондай –ақ марапат алғандардың қатарында Астана қаласы ҚХА өкілдері бар. Атап айтсақ, белсенді әрі жемісті қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін «Шапағат» медалімен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері Айшат Вагапова және Наталья Рудой, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен елордалық «Оберег» украин қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары Анастасия Тимощенко, қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшесі Дариға Сатарова және «Радима» белорус мәдени орталығының өкілі Светлана Толканева Қазахстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіздер деп тілек білдіреміз.
https://www.instagram.com/p/DBgH6Xfu3AZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1