(KAZ) Елордада қалалық ҚХА Аналар кеңесінің кезекті басқосуы өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

«Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблінің хореографиялық залында Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс –шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту және этнопедагогикалық тәрбиені жетілдіру, шығармашылық ұжымның қызметімен танысу.

Алғашқы болып сөз сөйлеген Астана қаласы ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова Аналар кеңесінің отбасы институтын сақтау мен нығайтуда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.

Айта кетейік, жиын барысында 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Сонымен бірге отбасы институтын қолдауға және жас буынның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған түрлі ұсыныстар айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, келесі отырыста қаралатын мәселелерді айқындады.

https://www.instagram.com/p/DA829dlOFCC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1

You may also like...