(KAZ) Достық үйінде этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша семинар-тренинг өтуде
Қалалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған екі күндік семинар-тренингтің бірінші күні өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында өткізілетін іс –шараның басты мақсаты – елімізде қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде медиация институтын дамыту, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының медиация саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін қарастыру және ҚХА шеңберіндегі медиация тәжірибесін жетілдіру.
Спикер ретінде сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин іс-шараның маңыздылығына тоқталып, аталмыш саладағы қызықты ақпаратпен бөлісті. Өз кезегінде ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов «Елдесу және татуласу» жобасы жайлы баяндап берді.
Семинар – тренингтің бірінші күні тыңдаушылар алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануды үйреніп, кәсіби медиаторлар дайындаған кейстерді шешудің түрлі жолдарын қарастырды. Жалпы іс-шараға 50 мемлекеттік қызметші қатысуда Айта кетейік, аталмыш жоба келесі жылдары да жалғасын таппақ.
https://www.instagram.com/p/DA8dtCGswa6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1