(KAZ) Елордалық Ассамблея мүшелері жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордалық Ассамблея мүшелері жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында қазақтың біртуар перзенті Т. Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, елордалық Ассамблея жастары, этнолингвистикалық мектептердің директорлары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған диктанттың тақырыбы – «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға».
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.

Сондай-ақ диктант жазу қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік берумен қатар,
Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға ықпал етіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттырады.

Диктант еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/C_iDRCNMRQZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...